Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы

Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы

2021 жылдың 10 желтоқсанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес инкубаторы "Белый ветер" компаниясымен бірлесіп ақпараттық технологиялар саласындағы технологиялық стартаптардың презентациясымен Demo Day ұйымдастырды.
Demo Day - ға Қарағанды қаласының колледждерінен 6 команда және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттерінен 11 команда қатысты.
Demo Day қазылар алқасының құрамына келесілер кірді:
1. Тәжбаев Нұрлан Мұратұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Цифрлық инженерия және IT Аналитика" кафедрасының меңгерушісі
2. Баширов Александр Витальевич - техника ғылымдарының кандидаты, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ зертханасының жетекшісі
3. Дүйсенбаев Нұрлыбай Әбдіғалиұлы - "Global light LLP" компаниясының директоры
4. Федотов Евгений Павлович - стартапер, "GUSLI Media" ЖШҚ бағдарламашысы, Санкт-Петербург қ.
5. Сатымбекова Саида Базарбайқызы - Ақпараттық жүйелер магистрі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Цифрлық инженерия және IT Аналитика" кафедрасының оқытушысы
6. Қалиева Гаухар Кенесханқызы - экономика магистрі, Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті
7. Елеубекова Назгүл Елеубекқызы - құқық магистрі, Бизнес, құқық және технологиялар факультеті.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді.
I орын – Власенко Егор Сергеевич ("Ақылды жылыжай" жобасы, "Абай көпсалалы колледжі" КМҚК);
I орын – Божбанов Алдияр, Бекешев Дархан ("House clinics" жобасы, Қазтұтынуодағы ҚарУ);
II орын – Михейкин Илья Валерьевич, Шнайдер Артём Игоревич, Давид Савицкий Дмитриевич ("Техника безопасности" для Карагандинского погрузочно-транспортного управления УД АО "АрселорМиттал Темиртау");
II орын – Туркешев Ерасыл Кайратович ("КВИТ' ОК " коммуналдық қызмет түбіртектерін төлеуге және жинауға арналған қосымша, Қазтұтынуодағы ҚарУ);
III орын – Қаһарман Ситора Мейрамқызы ("Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі"ЖМ, Жасөспірімдерге арналған бос жұмыс орындарын іздеу және жариялау сайты);
III орын – Кадырова Диана, Гофман Егор, Жиксимбинов Вадим, Малыш Александр, Рахимов Жандос ("EduON" білім беру платформасы, Қазтұтынуодағы ҚарУ);
Demo Day барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды, сондай-ақ жыл соңына дейін сайттан сатып алу үшін 5% жеңілдікпен ("Белый ветер" компаниясының сайтындағы қол жетімді бағаға) промокод алды.
Demo Day жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Белый ветер"компаниясының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Барлық Demo Day жүлдегерлерін құттықтаймыз!

 

Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы
Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы Demo Day - технологиялық стартаптардың презентациясы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus