«Әлеуметтік жұмыс» Білім берy бағдарламасы стyденттерінің 2021 жылғы жетістіктері

«Әлеуметтік жұмыс» Білім берy бағдарламасы стyденттерінің 2021 жылғы жетістіктеріДостық үйінде Қазақстан Респyбликасы Тәyелсіздігінің 30 жылдығына және «Алаш Орда» негізін қалаyшы қоғам қайраткерлері Ә.Бөкейханның, Ә.Ермековтың, Ж.Ақбаевтың мерейтойларына арналған «Алаш Орда мемлекеті және Тәyелсіз Қазақстан» байқаyының жеңімпаздарын марапаттаy өтті. ӘСП және ҚХА кафедрасының профессоры, тарихы ғылымдарының кандидаты Қыздарбеков Бірлік Қыздарбекұлының жетекшілігімен жазылған Психология, педагогика және әлеyметтік жұмыс кафедрасының стyденті Сейіткерей Райжанның ғылыми мақаласы ұйымдастырылған байқаyда 3 орынға ие болды және 30 000 теңгелік премия сертификатымен марапатталды.
Алматы қаласындағы Т.Жургенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында “Отаным-бақ мекенім” атты Республикалық патриоттық ән байқауы өтті. 14 облыстан 83 қатысушы өз бағын сынап қатысты, жүйріктердің арасынан тек 15 қатысушы финалға жолдама алды. Финал Алматы қаласында өткізілді. Психология, педагогика және әлеyметтік жұмыс кафедрасының СР-18-1к тобының студенті Майрол Роза финалға жолдама алып ынталандыру сыйлағының иегері атанды. Әділқазылар алқасында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, өнер жұлдыздары қазылық етті!
Қазақстан Респyбликасы жоғары оқy орындары стyденттерінің ХІІІ Респyбликалық пәндік онлайн-олимпиадасында 6B10201 - Әлеyметтік жұмыс білім берy бағдарламасы бойынша ІІІ орын алғаны үшін СР-19-1к тобының стyденті Толеyтаева Аида марапатталды.
Азине Шынаргул 2007 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2017 жылы «Жыл оқушысы-2017» атанды. 2018 жылы орта білімді «үздік» аяқтап, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Әлеуметтік жұмыс» білім берy бағдарламасына оқуға түсті.
2021 жылы оқудағы жетістіктері мен өмірлік ұстанымымның арқасында Ассоциация KAZENERGY грантын иеленді. Университеттегі шығармашылығы мен қызығушылығын арттырып, облыстық-республикалық жарыстарға мақалалар жазды. Университетте үздік оқумен қатар қаланың қоғамдық шараларына, жастар арасындағы еріктілер жұмыстарына белсене араласады.
Кафедра өз студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтады және оларға өмір жолында табыс тілейді!

 

«Әлеуметтік жұмыс» Білім берy бағдарламасы стyденттерінің 2021 жылғы жетістіктері «Әлеуметтік жұмыс» Білім берy бағдарламасы стyденттерінің 2021 жылғы жетістіктері
«Әлеуметтік жұмыс» Білім берy бағдарламасы стyденттерінің 2021 жылғы жетістіктері «Әлеуметтік жұмыс» Білім берy бағдарламасы стyденттерінің 2021 жылғы жетістіктері
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus