«Жасампаздыққа толы жылдар»

«Жасампаздыққа толы жылдар»

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы мен Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облысы филиалы және «Jas Otan» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» интеллектуалды ойыны өтті. Іс-шараға «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, жас депутаттар, жаңадан сайланған жас әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді жастар қатысты. Қатысушылар қатарына бизнес, құқық және технология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жоламанова Мөлдір Қайрханқызы мен факультеттің белсенді студенті, «Jas Otan» Жастар қанатының Қазтұтынуодағы Қарағанды универсетіндегі төрағасы, С-20-2 тобының студенты Сейдахмет Асылхан арнайы шақырылып, іс-шараға жүргізуші ретінде Ю-18-4 тобының студенті Майтанова Карина, өз өнерлерін көрсетіп ТД-18-1к тобының студенті Меней Жұлдыз, СР-18-1к тобының студенті Майрол Роза қатысып, факультеттің студенттері қолдау білдіріп, белсене ат салысты. Кеш соңында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар берілді. Іс-шара туралы ақпарат жергілікті «Сарыарқа» телеарнасында жарияланды.

 

«Жасампаздыққа толы жылдар» «Жасампаздыққа толы жылдар» «Жасампаздыққа толы жылдар»
«Жасампаздыққа толы жылдар» «Жасампаздыққа толы жылдар» «Жасампаздыққа толы жылдар»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus