Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері өздерінің стартап-жобаларын дамыту үшін 800 000 теңге ұтып алды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері өздерінің стартап-жобаларын дамыту үшін 800 000 теңге ұтып алды2021 жылғы 20 қазанда Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен ЖОО және колледж студенттерін кәсіпкерлік дағдыларға оқыту жобасы аясында жүлде қоры 2000000 теңге болатын үздік бизнес – идеялар байқауы өтті.
Байқаудың қазылар алқасының мүшелері "Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" ММ басшысы Б. Н. Алимжанов, "Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры" ҚҚ атқарушы директоры С. Б. Сыздыкова, "Kazakh Invest "ҰК" АҚ Қарағанды облысы бойынша өңірлік директоры М.С. Исекеев, "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ персоналды басқару қызметінің басшысы А. Е. Мусин, "Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы" ҚБ жобалардың аға үйлестірушісі Д. С. Санаубаева, "Saryarka foods" ЖШС директоры И. М. Сабиева болды.
Кәсіпкерлік дағдыларға оқыту курсына 158 өтінім келіп түсті. Оқыту екі блокқа бөлінді, бұл онлайн бизнесті дамыту және дәстүрлі оффлайн форматта кәсіпкерлік жобаны іске қосу. 20 сағаттық оқудан кейін тек 30 студент іріктеуден өтті. Іріктеуден өткендердің арасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің келесі 10 студенті болды: Туғанбаева Зарина, Аубакиров Александр, Божбанов Алдияр, Шадет Нурсултан, Инкарбеков Арман, Галяутдинова Карина, Мажидов Бахтияр, Хамза Адлет, Мусрепов Зангар, Нуртазинова Жанерке.
Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттердің стартап жобалары Туганбаева З. ("Сыр шайы" жобасы), Аубакиров А. ("Пластикалық бұйымдар өндірісі" жобасы), Божбанов А. ("Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, пицца өндіретін автоматтандырылған шағын цех" жобасы), Шадет Н. («Ағаштан қашалып жасалатын ұлттық нақыштағы бұйымдар») , сондай-ақ ЭБҚ колледжінің студенті Мұхамбетәлі М.жеңімпаздар қатарында болды. Олар өзінің стартап-жобасын дамытуға 200 000 теңгеден алды.
Студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері өздерінің стартап-жобаларын дамыту үшін 800 000 теңге ұтып алды Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері өздерінің стартап-жобаларын дамыту үшін 800 000 теңге ұтып алды
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері өздерінің стартап-жобаларын дамыту үшін 800 000 теңге ұтып алды Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері өздерінің стартап-жобаларын дамыту үшін 800 000 теңге ұтып алды
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus