Республикалық онлайн конференция

Республикалық онлайн конференция17.09.2021 жылы сағат 10.40–та Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Бизнес, құқық және технология факультетінің, «Әлеуметтік-саяси пәндер және ҚХА» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жолдау-2021: Болашақ бүгіннен басталады» атты республикалық онлайн конференциясы өткізілді.

Республикалық онлайн конференцияның студент жастары арасында өткізілудің мақсаты:

Дамыған елдермен иық тірестіру үшін, көкірек көзіміз ашық, көңіліміз ояу, санамыз еркін болуы шарт. Ол үшін еліміздің ертеңіне ие болатын өскелең ұрпақ білімді болуы тиіс. Терең білім мен кемел мәдениет, озық ғылым ғана елді өркениеттің шыңына жетелейді. Сол үшін әр қазақстандық білімін толықтырып, перзенттерін де білім-ғылымға үйір етуі керек. Болашақ – бүгіннен басталады. Сондықтан, осы бастан ертеңгі күн үшін инвестиция құйып, ұрпағымызды талапты әрі ойы ұшқыр етіп тәрбиелеу қажет.

Республикалық онлайн конференция спикерлері:

1. Сейтказиев Руслан Өмірғазыұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторанты, «Тарих және құқық институты», «Әлем тарихы» кафедрасының оқытушысы;

2. Жүзей Мырзахмет Аманқұлұлы, ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, Дінтанушы, PhD докторант.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus