«Delta M Group» ЖШС өкілдерімен кездесу

«Delta M Group» ЖШС өкілдерімен кездесу

2021 жылдың 26 мамыр Стратегиялық даму департаментінің Ресурстық орталығы ZOOM платформасында «Delta M Group» ЖШС өкілдерімен магистранттармен кездесу ұйымдастырды.
«Delta M» халықаралық компаниялар тобы он жылдан астам уақыттан бері Украина, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Польша, Молдавия және Беларуссияда батыстық стандарттарды нарықты терең түсінумен үйлестіре отырып, бизнесті сәтті жүргізіп келеді. 2015 жылы Қазақстандағы офисінің ресми ашылуы, Қарағанды қаласында өтті.
Қазіргі уақытта компания біздің университеттің түлектерін келесі лауазымдарға шақырады: қарызды өндіріп алу бойынша менеджерлер және банктік өнімдер мен қызметтерді сату бойынша менеджерлер. Оқушыларға оқу, өсу және даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Компания туралы және ондағы жұмыс туралы толығырақ ақпаратты Ресурстық орталықтан алуға болады (107 бөлме) Телефон +7 (7212) 44 15 68.

 

«Delta M Group» ЖШС өкілдерімен кездесу «Delta M Group» ЖШС өкілдерімен кездесу
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus