Рудакова Валерия – каратэдан турнирдегі үздіктер қатарында

Рудакова Валерия – каратэдан турнирдегі үздіктер қатарындаНұр-сұлтанда WKF каратэсі мен пара-каратэден алты жастан асқан барлық жастағы спортшылар арасында оныншы республикалық «Nur-Sultan Open-2021» инклюзивті турнирі өтті. Жарысқа Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстарының спортшылары қатысты. Турнирге мүгедектіктің барлық түрлері бар балалар, жастар және ересектер қатысты, сонымен қатар дені сау спортшылар да қатысты.
Шын жүректен МН-20-2 тобының студенті Рудаков Валерияны U18-U21 жас санатында бірінші орын алуымен құттықтаймыз! Валерия федерацияның және біздің университеттің намысын қорғады. Оған жарыстарда жоғары нәтижелер мен спорттық қызметінде сәттілік тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus