Инновациялық жобалармен - инновациялық болашаққа

Инновациялық жобалармен - инновациялық болашаққа2021 жылғы 21 сәуірде инноваторлар конгресі шеңберінде «Іскер Еуразия» жастар бизнес-жобаларының халықаралық конкурсы өтті.
Байқау Екатеринбург қаласында (УРГЭУ, РФ) өтті, оған 5500-ден астам студенттер, оқушылар мен жас зерттеушілер, 212 сарапшылар мен VIP — қонақтар қатысты, олардың ішінде-шет мемлекеттердің 26 елшілері және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Түркия, Белоруссия 36 ЖОО ректорлары.
Байқаудың мақсаты жастарды инновациялық қызметке, техникалық шығармашылыққа және әлеуметтік кәсіпкерлікке тарту үшін халықаралық коммуникациялық алаң құру болды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің студенттерін лайықты түрде таныстырды.
Бизнес-жобалар байқауының нәтижесінде «Әлемдік экономика» мамандығының студенті Ерасыл Туркешев ЭМ-32 тобының финалисті болып, ІІ дәрежелі дипломмен және «Квит'ок» мобильді қосымшасының жобасы үшін 10000 рубль мөлшеріндегі ақшалай сыйақымен марапатталды (ғылыми жетекшісі – С.Т. Абеуова).

 Инновациялық жобалармен - инновациялық болашаққа

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus