16 наурыз - Шежіре күні.

Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.
«Шежіре күніне» арналған ойын өтті. Ойынға Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті және Қазтұтынуодағы экономика және құқық колледжі студентері қатысты!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus