«Абайдың Құнанбаевтың рухани мұрасы» атты атты дөңгелек үстел

«Абайдың Құнанбаевтың рухани мұрасы» атты атты дөңгелек үстел15.02.21 жылы Zoom платформасында Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай Құнанбаевтың рухани мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, оның өлеңдерін мәнерлеп оқуды, ән айтуды үйрету. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары және студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде «Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасы», «Абай өлеңдері», «Абайдың әндері», «Абайдың 45 қара сөзі», «Абайдың дәстүрі, тағлымы» тақырыбында сөз қозғалды. Дөңгелек үстелді педогогика ғылымдарының магистрі Қ.Қ.Бажикеев жүргізіп отырды. Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасы жайында педагогика ғылымдарының магистрі Л.М.Акшабаева, студенттер Кадербек Ж., Абдрахманова А. өз ой-пікірлерін ортаға салды. Абай атамыздың шығармашылығы жайында ф.ғ.д.доценті М.Ә.Топашев, оқытушы Д.У.Уразбекова, студенттер Құрметұлы Е., Тілеуберлин А., Ыбыраева А. сөз қозғады. Сондай-ақ ұлы ақынның өлеңдерін Гатауллина З., Никифорова М., Мажидов Б. мәнерлеп оқыды. Абайдың қара сөздері тақырыбы жайында ф.ғ.д., доцент З.Қ.Жангабулова сөз қозғап, Кагарманова А. қара сөзін оқыды. Құтжанов Н., Иличьева А. Абайдың әндерін орындады. Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы ф.ғ.д., доцент Ш.Б.Акатаева Абай тағлымын зерделеп қортындылады. Абай рухани мұрасы мәңгілік.

 

«Абайдың Құнанбаевтың рухани мұрасы» атты атты дөңгелек үстел «Абайдың Құнанбаевтың рухани мұрасы» атты атты дөңгелек үстел «Абайдың Құнанбаевтың рухани мұрасы» атты атты дөңгелек үстел
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus