АБАЙ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИБАҒДАРЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ.

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИБАҒДАРЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ.2021 ж. 10 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды Университетімен Абай ауданының А.Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының, А.Құнанбаев атындағы Топар орта мектебінің, №15 Қарабас орта мектебінің және Құрма тірек-мектебінің 11 сынып оқушыларына арнайы ZOOM платформасында кәсібибағдарлық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар тарапынан «Банктік менеджмент және қаржы нарықтары» кафедрасы аға оқытушысы, магистр А.С. Исанов, «Мемлекеттік-жергілікті басқару және экономикалық теория» кафедрасы аға оқытушысы, магистрі М.Т. Юсупов, «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы, магистрі А.А.Амантай және университеттің қабылдау комиссиясы төрайымының орынбасары, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі И.С. Нұржанова қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мектеп түлектері үшін біздің университеті және оның мамандықтары туралы, сонымен қатар ҰБТның ережелерімен және оқуға қабылданудың негізгі талаптарымен тыныстыру.
Кәсібибағдарлық іс-шарасында оқушыларға университет жайлы арнайы презентация көрсетілді және соңында он-лайн форматта «Университетке виртуалды саяхат» бейне-ролигі әрі он-лайн сауалнамаға сілтемелер ұсынылды.

 АБАЙ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИБАҒДАРЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus