ІХ Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпаздары

ІХ Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпаздары2020 жылдың 15 қазанынан 24 қарашасына дейін "Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті" Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Пермь институты (филиалы) "Қазіргі сауда: теория, практика, инновациялар" атты ІХ Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференция өткізді. Бұл конференцияға МЭ-42 тобының студенті Айымбетова Тана Менеджмент және инновация кафедрасының аға оқытушысы Б. Е. Бляловпен бірге белсенді қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми жұмысы жоғары деңгейде бағаланды. Тана Айымбетова үздік баяндамасы үшін қатысушы сертификатын және 1 дәрежелі диплом алды. Конференцияны өткізудегі ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б. және Менеджмент және инновациялар кафедрасының аға оқытушысы Блялов Б. Е. атына келді.
Біздің қатысушыларды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!

Вложения:
Скачать этот файл (Благодарность Руководителю.pdf)Благодарность Руководителю.pdf 495 Кб
Скачать этот файл (Диплом.pdf)Диплом.pdf 690 Кб
Скачать этот файл (Сертификат.pdf)Сертификат.pdf 474 Кб
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus