«Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде»

«Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде»

02.12.2020 жылы сағат 15.10 -де ҚҚЭУ-нің, Бизнес, құқық және технология факультетінің, «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілік департаментінің директоры, «Заңгер», «Дінтанушы» Сапаров Бахытжан Жолдыбайұлының қатысуымен университет студенттері үшін «Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде» атты арнайы дәрісі оқылды.
Дәрісте Бахытжан Жолдыбайұлы студенттерге:
- Діни қызмет аясындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы;
- Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар туралы;
- Елдегі және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйін және даму серпінін жүйелі түрде мониторингтеудегі жүзеге асыратын құзыретті органдар туралы;
ҚР аумағындағы діни бірлестіктер туралы толық мағлұмат беріп өтті. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, толық, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Іс-шараның модераторы аға оқытушы, PhD доктор Тутинова Нұргүл Ерқанатқызы болды.

 

«Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде»

«Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде»

«Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде»

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus