Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн-вебинар

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн-вебинар

2020 жылдың 30 қарашасында Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Синтетикалық есірткінің адам ағзасына әсері» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинар аясында қонақтар – Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы А.В. Бузук синтетикалық есірткілердің зияны, құқықтық аспектілері және оларды таратуға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді; Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі О. Ю. Бурдикова қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және есірткінің адам ағзасындағы химиялық процестерге әсер етуі туралы еске салды. Қоғамдық бастаманы жүзеге асыру туралы Қарағанды қ. "Үміт" ҚБ жобалар үйлестірушісі Н.К. Жақсыбаева айтып берді.

 

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн-вебинар Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн-вебинар
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus