• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Брифинг «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы»

Брифинг «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы»2020 жылғы 30 қарашада ҚҚЭУ – де «Студент жастар-Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы» тақырыбында брифинг өтті. Тұңғыш Президент күніне, волонтер жылына және алдағы парламенттік сайлауға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және радикализм мен наразылық қозғалысы идеяларының ықпалының алдын алу мәселелері шеңберінде волонтер жылын қорытындылау.
Брифингке қатысушылар әлемдегі және Қазақстандағы волонтерлік дәстүр мен наразылық қозғалыстарының тарихына саяси және әлеуметтік талдау жасады. Брифингтің арқауы азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірінші кезектегі міндеттері болды: әрбір азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беру және азаматтық бейбітшілікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді бірінші орынға қоятын салауатты интеллектуалды ұлт қалыптастыру.
Брифинг жеке тұлға құндылықтарының идеялық, адамгершілік және азаматтық жүйесін қалыптастыру шарты ретінде өз елінің болашағы үшін жауапкершілікті сезінуді көздейтін студент жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселесін талқылауға мүмкіндік берді.
Брифингте Қазақстанның студент жастарының азаматтық ұстанымының ерекшеліктері атап өтілді: еріктілер қозғалысының конструктивті жасампаздық рөлі және көшедегі тәртіпсіздіктерге ұласатын наразылық қозғалысына сыни көзқарас.
Брифингті ӘЖ және ҚХА және кафедрасының ПОҚ ұйымдастырды және өткізді: Клишина М. В., Сейфуллина Г. Р., Пунтус Е. А., Исина С. С., жастар бастамалары орталығының директоры Идирисова А. Т., тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Жоломанова М. К. волонтер-еріктілерді шақырып: Ермек А., Узахова Б., Кабидоллова М., Мусабекова Д., Гиса Д. олардың қатысуымен өткізілді.

Брифинг «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы» Брифинг «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы» Брифинг «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы»

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus