«Мемлекет және құқық негіздері»-атты олимпиада

«Мемлекет және құқық негіздері»-атты олимпиада 2020 жылдың 27 қарашасында "Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасы Қарағанды қаласы мен Қарағанды облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында "Мемлекет және құқық негіздері"-атты олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты мемлекет және құқықтың өзекті мәселелеріне қызығушылық танытқан талантты жастарды тарту және қолдау болып табылады. Олимпиадаға келесідей мектеп өкілдері қатысты: «ЖББ №63»КММ,
«Гимназия 9» КММ, «Гимназия 38» КММ, «Гимназия 45» КММ, «Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты», сондай-ақ Жезқазған қаласындагы мектептер, Қ.Шыңғысов атындағы «ЖББ №5» КММ және «ЖББ №11» КММ. Олимпиадаға қатысушылар өздерінің терең білімдерін қолдана отырып, Google Meet платформасы арқылы жеке тест тапсырмаларын орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша "9 Гимназия" КММ оқушысы Зиганшина Милана I дәрежелі дипломмен, "38 Гимназия" КММ оқушысы Павлов Никита II дәрежелі дипломмен, "38 Гимназия" КММ оқушысы Давлетшина Арина III дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ал олимпиада жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Вложения:
Скачать этот файл (ЕНТ_рус на январь 2021.pdf) Дипломы.pdf

 

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus