Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары

Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары

30 Қарашада ҚҚЭУ Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы барлық мамандық студенттерінің қатысуымен Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған "Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары" тақырыбында жалпы университеттік дөңгелек үстел мен викторина ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ғылыми – сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д. Б. Малаев, облыстық "Индустриальная Караганда"газетінің корреспонденті Н.Фомина қатысты.
Дөңгелек үстелде "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі", "Н.Назарбаев – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы", "Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Халықаралық интеграциялық бастамалардың авторы" тақырыптарында баяндамалар талқыланды.
Викторина барысында қазіргі Қазақстан дамуының өзекті мәселелері және қазіргі кезеңдегі Тәуелсіздікті нығайтудағы Ұлт Көшбасшысының рөлі талқыланды.

 

Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus