Олимпиада жеңімпаздары

Олимпиада жеңімпаздары2020 жылы 27 қарашада академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, жоғары оқу орындары арасында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша онлайн форматта олимпиада ұйымдастырылды (Zoom платформасында). Біздің университет студенттері онлайн-олимпиадаға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Университеттер арасындағы эссе байқауында 2 орынды УА-18-2 тобының студенті Феденко Александра Сергеевна иеленді (ғылыми жетекші, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Г.Т. Хасенова). Жоғары оқу орындары арасындағы олимпиадада 2-орынды УА -18-2 тобының студенті Нурмухамет Ансар Аянұлы иеленді (ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Нуржанова И.С.). Студенттер мен олардың жетекшілеріне бірлескен жұмыстың жақсы нәтижелері үшін алғысымызды білдіреміз және оларға одан әрі жеңістер тілейміз! Университет өз студенттерімен мақтан тұтады!

 

Олимпиада жеңімпаздары Олимпиада жеңімпаздары Олимпиада жеңімпаздары
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus