ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

19.11.2020 ж.сағат 11-00-де ЭҚЗ ҒЗИ ғылыми қызметкері, з.ғ.м. Орынбеков А.С. ZOOM платформасы негізінде ҚҚЭУ магистранттарына арналған "Достық "Коворкинг орталығының магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жәрдемдесуі" тақырыбында он-лайн ғылыми семинар өткізді.
А.С. Орынбеков "Достық" Коворкинг орталығында жемісті жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын айтты. Ол бірнеше аумаққа бөлінген, олардың бірі – демалыс аймағы. Интернетке қол жетімді компьютерлермен жабдықталған аймақта кез-келген қызықты ақпаратты алуға болады. Сонымен қатар, магистранттардың кітапханалық-ақпараттық ресурстарды түрлі форматта пайдалануға, мастер-класстарға, семинарлар мен тренингтерге қатысуға мүмкіндіктері бар.
Талқылау барысында магистранттарды хакатондар, стартап-уйкендтер және Hard day сияқты іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері қызықтырды.

 

ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus