• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейінің бітіруші оқушылармен онлайн кездесу

Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейінің бітіруші оқушылармен онлайн кездесуБухгалтерлік есеп кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес магистр, кафедраның аға оқытушысы Мусипова Л.К. 07.07.2020 ж. №101 мектеп-лицейінің бітіруші сынып оқушыларымен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Онлайн кездесуге Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кәсіптік бағдар беру және қоғаммен байланыс орталығының директоры Л.Х.Иваделинова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Е.А. Краснощекова, жауапты хатшы орынбасары Нуржанова И.С., 11 сыныптың сынып жетекшілері және №101 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оларға университетке құжаттар тапсыру тәртібі, ҰБТ рәсімінен өту тәртібі туралы түсіндірілді, университетіміз туралы бейнеролик көрсетілді, университеттің білім беру бағдарламалары туралы презентация ұсынылды.
Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған университет, ондағы белсенді студенттік өмір жайлы және басқа да барлық сұрақтарға жауап алды.

 

Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейінің бітіруші оқушылармен онлайн кездесу Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейінің бітіруші оқушылармен онлайн кездесу

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus