"Кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеу және оны жетілдіру жолдары туралы" тақырыбында семинар өткізілді

"Кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеу және оны жетілдіру жолдары туралы" тақырыбында семинар өткізілді

2020 жылдың 29 қыркүйегінде "Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті" ЖМ және "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" ММ арасында жасалған қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен және мүшелерімен "Кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеу және оны жетілдіру жолдары туралы" тақырыбында семинар өткізілді. Covid-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты іс-шара ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді.
Семинарда "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Бисакаев Сериккали Гумарович "Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудың рөлі мен проблемалық мәселелері туралы" тақырыбында және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ зертханасының жетекшісі, з.ғ.д., профессор Бакишев Қайрат Әлиханұлы "Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы"тақырыбында семинар өткізді.
Семинар модераторы ҚҚЭУ экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Ханов Талғат Ахматзиұлы кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеумен және еңбек заңнамасын сақтау мәселелерімен байланысты негізгі сәттерді белгіледі.
"Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы " умақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Камзинович Жұмабеков пен Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Николаевна Шатохинаға іс – шараларды ұйымдастыруға жәрдем көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

 

"Кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеу және оны жетілдіру жолдары туралы" тақырыбында семинар өткізілді "Кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеу және оны жетілдіру жолдары туралы" тақырыбында семинар өткізілді "Кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеу және оны жетілдіру жолдары туралы" тақырыбында семинар өткізілді
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus