ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн ғылыми семинар

ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн ғылыми семинар

16.04.2020 ж. сағат 13-00де "Zoom" платформасында ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған "Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы. Рейтингті басылымдарда жариялау" тақырыбында онлайн ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарды экономика ғылымдарының докторы, профессор, Экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ бас ғылыми қызметкері Сихимбаев Муратбай Рыздикбаевич жүргізді.
Ғылыми семинар жұмысына магистранттар, докторанттар және ҚҚЭУ ғылыми қызметкерлері арасынан 42 адам қатысты.
Семинар барысында ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, ғылыми жұмыстардың, соның ішінде диссертациялардың құрылымы, сондай-ақ Scopus, Web of science ақпараттық базаларынан шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдардың ерекшеліктері мен ғылыми мақалаларды жазу тәжірибесі қарастырылды.
Талқылау барысында докторанттарды Scopus ақпараттық базасынан шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау мәселелері қызықтырды.

 

ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн ғылыми семинар ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн ғылыми семинар
ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн ғылыми семинар ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн ғылыми семинар
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus