Кәсіби мамандарға арналған

Кәсіби мамандарға арналғанМенеджмент және инновациялар кафедрасы 25 қаңтарда халықаралық тренер, кәсіби коуч, "Проф-диалог" сараптамалық-талдау бірлестігінің ресми өкілі Тасболатова Балсулуды шақырумен Қарағанды қаласының 38 гимназияның педагогикалық ұжымына арналған "Білім берудегі коучинг құралдары" тақырыбында тренинг өткізді. Сонымен қатар гимназия әкімшілігі мен серіктес мектептер мүшелері үшін "Персоналдың тиімділігін бағалау және іріктеудегі жаңа әдістер" тақырыбында тренинг өткізді. Қатысушылар кәсіптік бағдар мәселелері бойынша кешенді диагностика әдістемесімен танысты. Мектеп мәселесі мысалында топ қатысушылары баланс дөңгелегін құрастырып, нақты мәселені шешу үшін қадамдарды ойластырды. Өткізілген іс-шарадан кейін барлық қатысушылар сертификаттар алды.

 

 

 

Кәсіби мамандарға арналған

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus