Бизнес және құқық факультетінде парасаттылық сағаты

Бизнес және құқық факультетінде парасаттылық сағаты

9 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады.
Осыған байланысты, 2019 жылдың 9 желтоқсанында бизнес және құқық факультетінің барлық академиялық топтарында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке бағытталған "Парасаттылық сағаттары" атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара пікірталас және ойын түрінде өткізілді. Студенттерге Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы, "Академиялық адалдық кодексі" университеттік нормативтік құжаттың негізгі ережелері түсіндірілді. Кейбір іс-шараларды ұйымдастыруға және әзірлеуге "Sanaly urpaq" университеттік студенттер қауымдастығының мүшелері қатысты.

Бизнес және құқық факультетінде парасаттылық сағаты

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus