«Ұлы дала мұрагерлері» форумы

«Ұлы дала мұрагерлері» форумы2019 жылдың 16 қарашасында № 23 орта мектепте ҚМУ-де « Ұлы дала мұрагерлері» форумы өтті, оған балалар мен мектеп мұғалімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қоғамдастығы және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Қоғаммен байланыс және кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығы және “Ақпараттық жүйелер” кафедрасы ұсынды.
Форум аясында жәрмеңке, ғылыми жобалар мен роботехниканың көрмесі, оқушылардың әлеуметтік жобаларын көрсету, оқу шеберханасы, спорттық ойындар, ашық сабақтар және қонақтар мен ата-аналар қоғамдастығына арналған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шеберлік сыныптары өтті.
Форум барысында 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау, сонымен қатар болашақ түлек мамандығын таңдау туралы ата-аналарымен әңгіме өткізілді
"Ұлы дала мұрагерлері" атты форум қатысушылары өз ризашылықтарын білдіріп, оларға үлкен тәжірибелік мәні бар екендігің атап өтті.

 

«Ұлы дала мұрагерлері» форумы «Ұлы дала мұрагерлері» форумы «Ұлы дала мұрагерлері» форумы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus