«Нотариат азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу жүйесі ретінде»

«Нотариат азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу жүйесі ретінде»Бизнес және құқық факультетінің жалпы заңдық және арнайы пәндер кафедрасы "Құқықтану" мамандығы студенттерінің тәжірибелік дағдыларын дамыту үшін жеке нотариус Д. А. Тарановпен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
2019 жылдың 13 қарашасы мен 15 қарашасы аралығында студенттер нотариаттың азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу жүйесі, халықаралық айналымда нотариаттық іс-әрекеттерді жасау ерекшеліктері, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау ережелері мәселелерін талқылады.
Болашақ маманның қалыптасуында оның қызығушылығы мен болашақта жұмысқа орналасуға деген сенімі маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан дәріс барысында нотариус лицензиясын алу тәртібі мен ережелері, өндірістік практикадан тікелей нотариус Д. А. Тарановтан өту мүмкіндігі талқыланды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus