Халықаралық ғылыми-практикалық семинар

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және рухани дамуының стратегиялық ресурсы ретінде заманауи білім берудің трендтері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді.
Халықаралық семинарға мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ, КЕҰ басшылары мен қызметкерлері, отандық және шетелдік ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Инклюзивті білім беруді дамытудың жай-күйін, проблемалары мен перспективаларын, білім беруге практикалық-бағытталған тәсілді, білім беруді цифрландыру жағдайында құзыреттілік тәсілді іске асыруды, қазіргі заманғы жоғары білім беруді дамытудағы мегатенцияларды талқылауға елеулі көңіл бөлінді.
Семинарға қатысушылар білім адам тұлғасына, оның рухани әлемі мен шығармашылық әлеуетіне үндеу арқылы ғана қоғамның экономикалық және қоғамдық дамуының тиімді факторына айналатыны туралы пікір алмасты.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар Халықаралық ғылыми-практикалық семинар

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus