ҚЭУ студенттері Startup Weekend 2019 жеңімпаздарының қатарында

ҚЭУ студенттері Startup Weekend 2019 жеңімпаздарының қатарында

2019 жылғы 12-13 қазанда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Назарбаев Университетімен бірге Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында TECH CENTRAL ASIA бағдарламасы аясында StartUp Weekend 2019 стартап жобалары байқауын ұйымдастырды.
TECH CENTRAL ASIA Орталық Азиядағы стартаптарды дамыту бағдарламасы тұрақты бизнес құруға және оны әрі қарай дамытуға мүдделі кәсіпкерлерге, студенттерге, инноваторлар мен өнертапқыштарға өз стартаптарын ашуға көмектесуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаты студенттерге бизнесті қалай құруға және жүргізуге, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін табуға үйрету болып табылды.
Іс-шараға 26 командадан тұратын Қарағанды облысының жоғары оқу орындарынан 100-ден астам қатысушы қатысты. Ақтық сынға 9 студенттік команда өтті, олардың ішінде біздің университеттің командалары да болды. ВТ-31 тобының студенттері Бөлекбаева Жібек пен Мырзатаев Бексултанның жобалары жеңімпаздар қатарынан табылды. Оларға Назарбаев Университетінің екі айлық жеделдету бағдарламасынан өтіп, Нұр Сұлтан қаласындағы Demo Day іс-шарасына қатысу мүмкіндігі берілді.

 

 

ҚЭУ студенттері Startup Weekend 2019 жеңімпаздарының қатарында

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus