ЭҚЗ ҒЗИ қызметкерлерін құттықтаймыз

2019 жылдың 19 мамырында Петрозаводск қаласында (Ресей Федерациясы) «Жыл оқытушысы-2019» Халықаралық ғылыми-әдістемелік конкурс өтті.
Бұл конкурста «Қазақстан Республикасында есірткі, психотроптық заттар және олардың аналогының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық мәселелері» гранттық зерттеу төңірегінде ЭҚЗ ҒЗИ қызметкерлері з.ғ.к., доцент Сейтхожин Б.У., з.ғ.к., доцент Феткулов А.Х., және х.ғ.к. Сарсембаев Б.Ш. «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру үшін қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық мәселелері» тақырыбында ғылыми жұмыс ұсынды.
Конкурс нәтижесі бойынша олар «Заң ғылымдары» секциясы бойынша 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтай келе, болашақта шығармашылық жетістіктерге жете берулеріне тілек білдіреміз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus