Қарағанды экономикалық университетінде Кітапханалық таң

Қарағанды экономикалық университетінде  Кітапханалық таңҚҚЭУ кітапханасы «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арнап: «Кітап.Жастар.Табыс.» атты Библиотаң өткізді. Мерекеге ЭБҚ колледжінің студенттері мен университет студенттері қатысты. Жастарға әр түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері университет кіреберісінде лотерея билеттерін таратып Либмоб өткізді.
Әрі қарай кітапхана фойесінде студенттерге ыстық шәй мен кофе ұсынылды. Сосын мерекеге қатысушылар «Гарри Поттер: сиқыр әлемі және шындық әлемі» ойынына қатысты. Сонымен қатар Подовинникова К.Ю.. шашқа арналған сәндік бұйымдар жасаудан «Шебер қолдар» шеберлік сабағын өткізді. Спорттық және интеллектуалдық жарыстар көңілді әрі тартымды өтті. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітабы бойынша «Бір ел – бір кітап» көрмесі ұйымдастырылды. «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасына қатысушы ұстаз А.Т. Омаровамен кездесу қызықты өтті. Мерекенің соңы Университеттің кәсіподақ ұйымы демеушілік еткен ұтысты лотереялар ойнатумен аяқталды. Күні бойы «Кітаптардағы сиқыр» фото аймағы жұмыс істеді.

 

Қарағанды экономикалық университетінде  Кітапханалық таң Қарағанды экономикалық университетінде  Кітапханалық таң Қарағанды экономикалық университетінде  Кітапханалық таң
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus