"Эрудит-2019" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

"Эрудит-2019" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

2019 ж. 27 сәуірде сағат 09.00-де Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы (Экономика және басқару факультеті, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті) Қарағанды қ. мектептерінің, гимназиялары мен лицейлерінің 11-сынып оқушылары үшін "Эрудит-2019" интеллектуалдық олимпиадасын өткізді. "Эрудит-2019" Олимпиадасын өткізудің негізгі мақсаты жалпы білім беретін мектептері оқушыларының шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, олардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру және оларға кәсіби бағдар беруге жәрдемдесу болып табылады.
Олимпиадаға келесі мектептердің түлектері қатысты: №52 ОМ, №17 ОМ, №16 ОМ, № 61 ОМ, № 76 ОМ, А. Байтұрсынов атындағы №41 гимназия, №33 ОМ, Теміртау Қ.№17 ом және Шахтинск қ. № 16 ОМ. Барлығы осы оқу жылының 35 мектеп түлегі және 10 мектеп мұғалімі.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
1 орын - Муканова Нурсулу (№76 ОМ А. Бөкейханов атындағы.
2 орын - Кенжебек Нұрбек (А. Байтұрсынов атындағы №41 Гимназия) Хабибулиной Алине (№17 ЖББОМ КММ).
3 орын - Рощин Данил (№61 ЖББОМ КММ) , Оразбекова Ұлпан (А. Байтұрсынов атындағы №41).
"Эрудит-2019" зияткерлік олимпиадасы туралы ережеге сәйкес 1-ші орын алған қатысушы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығына 15% жеңілдікпен 2019-2020 оқу жылына ақы төлеу құқығына ие болады.
-2-ші орын алған қатысушы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығына 10% жеңілдікпен 2019-2020 оқу жылына ақы төлеу құқығына ие болады.
-3-ші орын алған қатысушы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығына 5% жеңілдікпен 2019-2020 оқу жылына төлем ақы алады.
Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға ҚҚЭУ экономика және басқару факультетінің "активист" мүшелік билеттері берілді. Ал мұғалімдерге ҚҚЭУ ректорының алғыс хаты табысталды.

.

 

"Эрудит-2019" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды "Эрудит-2019" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды "Эрудит-2019" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus