• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Жас қанат-2019» облыстық байқауындағы жеңіс

«Жас қанат-2019» облыстық байқауындағы жеңіс

2019 жылдың 2-3 сәуірінде біздің университет студенттері ХХІІІ облыстық жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің "Жас қанат-2019" облыстық байқауына қатысты.
"Вокалдық жанр" номинациясы бойынша біздің университет атынан Сәт Ислам, Меней Жұлдыз және Абенова Камилла өнер көрсетті. " Эстрадалық - жүргізушілік жанры (конферансье)" номинациясында бізді Майтанова Карина, Худоиев Амин, Айтметов Абрар таныстырды. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша облыстық байқаудың финалына Меней Жұлдыз, Әбенова Камилла, Худоиев Амин және Айтметов Абрар өтті. Ақтық кезең қорытындысы бойынша Абенова Камилла І дәрежелі дипломмен, Худоиев Амин және Айтметов Абрар ІІ дәрежелі дипломмен, Меней Жұлдыз алғыс хатпен марапатталды.
Облыстық байқаудың барлық қатысушыларын жаңа тәжірибемен, қол жеткізген жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және олардың барлық бастауларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуін тілейміз! Абенова Камилла біздің өңірімізді республикалық байқауда лайықты көрсете алады деп сенеміз. Сәттілік!

 

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus