«Студенттік инновациялық жобалардың бизнес жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында мастер-класс

«Студенттік инновациялық жобалардың бизнес жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында мастер-классҚарағанды экономикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Таубаев Аяпберген Алданаевичтің «Студенттік инновациялық жобалардың бизнес жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында мастер-классы өтті.
Бұл іс-шара ҚЭУ студенттері арасында өтетін дайын бизнес жобалар және старт-ап жобалар конкурсы аясында «Достық» Технологиялық бизнес инкубаторы және ҚҚЭУ Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастыруымен өтті.
Кездесу спикері студенттер мен жобаның жетекшілеріне жобаны жазудың теориялық ерекшеліктерін айта келе, оның құрылымы туралы және дұрыс, әрі құрылымдық студенттік жобаны жазу бойынша қадамдық нұсқауларды таныстырды. Сонымен қатар, Аяпберген Алданаевич жұмыстың өзектілігін анықтау және мәселені қою жолдарын түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында Enactus-KEU бағдарламасының эдвайзері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна бағдарламаның жұмысы туралы айтып, Enactus-KEU командасына үздік студенттерді шақырды, сонымен қатар студенттік ғылыми жобалардың ерекшеліктерін атап өтті.

 

«Студенттік инновациялық жобалардың бизнес жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында мастер-класс «Студенттік инновациялық жобалардың бизнес жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында мастер-класс
«Студенттік инновациялық жобалардың бизнес жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында мастер-класс «Студенттік инновациялық жобалардың бизнес жоспарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында мастер-класс
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus