Квест " тарих беттері бойынша»

Квест " тарих беттері бойынша»ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында ҚЭУ кітапханасында 2018 жылдың 11-ші желтоқсанда «Тарих беттерінен»атты квест өтті. Ойынға Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі мен №83 ЖББОМ оқушылары қатысты. Университет пен кітапхананы экскурсиямен жүргенде "Робототехника және 3Д принтинг" зертханасы мен "Рухани жанғыру"онлайн-алаңы квест қатысушыларының қызығушылығын тудырды.
Қатысушыларға Қазақстан тарихынан оның ішінде салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан, мәдениеттен, қазақ тілінен өз білімдерін тексеруге үлкен мүмкіндіктер туды. Бұдан басқа кітапхана каталогтарымен жұмыс жасау, оқу әдебиеттерін орнына қою ережелері, жалпы алғанда кітапхананы пайдалану ережелерін білу, кітапханада жүруге бағыт бағдар алу үшін тапсырмалар берілді.
Қатысушылар кітапхананың әр залында белгілі бір тапсырмалар орындады. Ребустар шешу арқылы қатысушылар қазақ тілін қаншалықты деңгейде білетіндерін көрсетті. Кроссвордтарды шешу үшін студенттерге атаулы күндер мен еліміздің танымал тұлғаларын еске алу керек болды. «Кітаптарды смайлик бойынша тап»атты тапсырмада топтарға кітапхана сөрелерінен смайликтермен жасырылған кітаптарды іздеу қызықты әрі көңілді болды.
Ойын көңілді және қызықты өтті, квест соңында топтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus