«Ұлы Дала тарихы» зияткерлік ойыны

«Ұлы Дала тарихы» зияткерлік ойыныӘлеуметтік жұмыс ҚХА кафедрасы университет кітапханасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, студенттердің қатысуымен «Ұлы Дала тарихы» атты зияткерлік ойыны, Тұңғыш Президент күніне арналған Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың кітаптары көрмесін сондай-ақ Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған іс-шараларды ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара барысында мазмұнды баяндамалар айтылып, Қазақстан тарихын білуге викторина өткізілді. Студенттерді әсіресе түркі әлемінің мәдениеті, Қазақстанның флорасы мен фаунасы туралы сұрақтар, сонымен қатар Отан тарихына қосқан үлесі туралы ұсынылған тарихи тұлғаны анықтау туралы тапсырмалар қызықтырды.
Студенттер кітапхананың тарихи тақырыптағы кітаптар қорымен және ҚР Президентінің еңбектерімен танысты.

 

«Ұлы Дала тарихы» зияткерлік ойыны «Ұлы Дала тарихы» зияткерлік ойыны «Ұлы Дала тарихы» зияткерлік ойыны

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus