«Полицияға жәрдемдесу жасағының үздіктері»

«Полицияға жәрдемдесу жасағының үздіктері»Халкымыздың амандығын ойлап жүрген,
Адал қызмет тәуекелге бел бууымен,
Сақшылардың кәсіби қызметі -
Еліміздің тыныштығын қорғауменен

Тәуелсіз Қазақстан елім мекен,
Қырағы жастарын бар елім деген.
Дархан дала көгінен қарар болсан,
Аспанымда көк туым да желбіреген.

Қырағымыз құстай самғар аспанымда,
Талпынармыз талай биік асуларға,
Армысыздар көпшілік ардақтылар
Көмектесер келді алдыңа жастарын да – деп біздің университетіміз студенттерінен құралған полицияға жәрдемдесу жасағының ұландары 2018 жылдың қарашаның 24 күні өткен қала жасақтарының арасындағы жарыстан бірінші орын алып жеңіске қол жеткізді.
Жарысқа бізден басқа Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің командалары қатысып, мини-футболдан, арқан тартыстан және Ата заңымыздың негіздері бойынша өз күштері мен білімдерін сынға салды. Адал сынға түсіп, жеңіске жеткен біздің команда Қарағанды қаласының полиция Басқармасының Жергілікті полиция қызметі басшылығының қолынан жүлделі сыйлықтар мен марапаттау қағазын алды.

 

«Полицияға жәрдемдесу жасағының үздіктері»

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus