Университеттен тыс дәріс

Университеттен тыс дәріс2018 жылдың 7 қарашасында "Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының аға оқытушысы Аешова Н.Т. "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандығының 2 курс студенттері үшін "Додо Пицца" пиццерия желісінде университеттен тыс дәріс ұйымдастырды.
Додо Пицца - 2011 жылы Сыктывкар қаласында ашылған компания болып табылады. Қазіргі таңда пиццерия желісі Ресей, АҚШ, Қытай, Литва, Қазақстан, Румыния, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінде қызмет көрсетуде.
Пиццерия менеджері қонақтарды қабылдау үрдісіне, кәсіпорынның жеке қызметтік - тұрмыстық орын-жайларына қызықты ақпараттық экскурсия өткізіп, сонымен қатар қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша студенттерде туындаған сауалдарға жауап берді.

 

Университеттен тыс дәріс Университеттен тыс дәріс Университеттен тыс дәріс
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus