• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Латын әліпбиімен танысайық»

«Латын әліпбиімен танысайық» «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп Президент Н.ӘНазарбаев «Рухан жаңғыру» мақаласында терең тоқталған мәселенің бірі қазақ тілінің латын графикасына көшуі. Үстіміздегі жылы латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі қабылданған болатын. Осыған байланысты 26-қазан күні Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «ТАИР» сауда үйінде «Латын әліпбиімен танысайық» атты акция болып өтті. Акцияның мақсаты –латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін көпшілік қауымға таныстыру және насихаттау болып табылады.
Іс-шараға сауда үйіне келген қала тұрғындары, әсіресе жастар белсене қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өз есімдерін, тағы да басқа сөздерді жаңа әліпбимен жазып көрді. Сонымен қатар, қатысушылар латын графикасын қолдана отырып әртүрлі тапсырмалар орындап, өзара сайысты. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Ең бастысы, қала тұрғындары мен қонақтары қазақ тілінің жаңа латын графикасына көшуін қолдай отырып, латын графикасын үйренуде өздерінің қызығушылық, ынта-жігерінің жоғары екенін көрсетті. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар көбірек өткізілсе деген тілек білдірді. Акция туралы облыстық, қалалық телеарналардан көрсетілетін болады.

 

«Латын әліпбиімен танысайық» «Латын әліпбиімен танысайық»

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus