Магистратура мен докторантураға түсушілердің назарына!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті біздің ЖОО-на мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлерді даярлауға 52 орын көлемінде магистратураның 12 мамандығы бойынша: «Құқықтану», «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жерглікті басқару», «Маркетинг», «Ақпараттық жүйелер», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Стандарттау және сертификаттау», «Туризм», «Бағалау», сондай-ақ докторантураның 3 мамандығы бойынша: «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жерглікті басқару» 14 орын бөлінгенін хабарлайды.
Магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша 44-15-88, 44-16-24, 44-16-34 (қос. 199) хабарласуға болады.
Біздің мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі, 264 кабинет. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus