SMART CITY QARAGANDA

SMART CITY QARAGANDA«Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясымен жасалған меморандум шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті базасында 2018 жылдың 29-30-шы маусымында: «Қауіпсіз қала» және «SMART ТКШ» тақырыптарында Хакатон өткізілді. Форумда 24 жоба таныстырылып, студенттер мен жас бизнесмендер оның әзірлеушілері болып қатысты.
Хакатонның екі күнгі жұмысында, 200-ден 550 мың теңгеге дейін сыйлық алған жеңімпаздар анықталды.Ол жеңімпаздар:
1-ші орын Ахунжанов Темур. Алматы қаласы. «Ақылды домофон»;
2-ші орын. Рудольф Виктор. Қарағанды қаласы. «Юнион»;
3-ші орын. Сулейманов. Сейдамет. Қарағанды қаласы «Smart quest»
Аталмыш іс-шараны өткізу ғылым мен өндірістің ықпалдасуындағы, университет пен «Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының жемісті байланыстарын ұстап тұрудағы және алдағы уақыттағы бірлескен нәтижелі жұмыстар үшін ынталандыруларды қалыптастырудағы тағы бір қосылған үлес болды.

 

SMART CITY QARAGANDA

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus