«Үздік студент – 2018» конкурсының жүлдегерлері Қанатұлы Жанайдар және Гарифуллина Асия

«Үздік студент – 2018» конкурсының жүлдегерлері Қанатұлы Жанайдар және Гарифуллина Асия

Елімізде жыл сайын «Жылдың ең үздік студенті» «Келісім бекеттері» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық конкурсы өтеді. Конкурсқа Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері қатысқан. Студенттер өздерінің оқудағы, қоғамдық шаралар бойынша жетістіктері жинақталған портфолионы конкурсқа ұсынады.
27 сәуір 2018 ж. Астана қаласында дарынды студент жастары арасынан шыққан үздік студенттердің есімдері айтылды. Олардың арасында Қарағанды экономикалық университеті Бизнес және құқық факультетінің студенттері бар:
«Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенті, ҚР Президенті стипендиясының иегері Қанатұлы Жанайдар;
Гарифуллина Асия, «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті.
Қанатұлы Жанайдар және Гарифуллина Асия «Үздік студент - 2018» медалімен, грамотасымен марапатталды, олардың өмірбаяндары мен жетістіктері туралы «Жас қыран» кітабында жарияланған. Үздік студент атағын Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков табыстады.
Жанайдар мен Асияны лайықты атағымен құттықтап, үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз! Студенттеріміздің ата-аналарына парасатты ұл мен қыз тәрбиелегендері үшін алғыс білдіреміз!

 

 

«Үздік студент – 2018» конкурсының жүлдегерлері Қанатұлы Жанайдар және Гарифуллина Асия

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus