Оқытушылар мен студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және қалыптастыру

Оқытушылар мен студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және қалыптастыруҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2018 жылдың 19-20 сәуір күні Қазақстан SOS Детская Деревнясының отбасылық қамқорлыққа алу бойынша Ұлттық кеңесші, кәсіби коучер Левицкая Лия Вадимовна «Әлеуметтік жұмыс технологиялары. Кейс-менеджмент технологиясына кіріспе» атты курс өткізіп, ӘЖжәне ҚХА кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттері үшін тренигтер өткізді.
Курс және тренингтің негізгі мақсаты: тыңдаушылардың бойында кейс-менеджмент технологиясы бойынша білім мен практикалық дағдыларын, кәсіби біліктілікті қалыптастыру және оларды ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыста қолдану.
Курс бағдарламасы келесі элементтерді қамтиды:
1. Әлеуметтік жұмыс туралы түсінік. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның негізгі ережелері.
2. Қызмет көрсету моделінің біріктірілуі: мәні және мәселелері.
3. Кейс-менеджментке кіріспе. Кейс-менеджмент қызметтері және рөлі, кезеңдері.
4. Практикалық бекіту. Баға. Қызмет көрсетуді жоспарлау (кейстер мысалы негізінде).
5. Ролик көру. Топтық жұмыс. Тренингті қорытындылау.
Курс соңында «SOS Детская Деревня Темиртау» ЖБМ директоры Дубровский В.В. тренинг қатысушыларына сертификаттар тапсырды.

 

Оқытушылар мен студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және қалыптастыру Оқытушылар мен студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және қалыптастыру Оқытушылар мен студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және қалыптастыру
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus