«Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір.» атты Халықаралық студенттік слет

«Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір.» атты Халықаралық студенттік слетЕкі күн ішінде, 2018 жылдың 12 және 13 сәуірінде Қарағанды экономикалық университетінде «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір.» атты Халықаралық студенттік слет өтті.
Слеттің басты мақсаты: студенттік ғылымның дамуы, талантты жастарды анықтау және қолдау. Жастардың көпшілігі өздерінің білімдері мен құзыреттерін дамытуға, ғылыми жобаларға қатысуға және өздерінің ерекше жобаларын дамытуға тырысатыны шын мәнінде қуантады.
Біздің қонақтар қызықты баяндамалар жасады. Мысалы, Шабалдин Дмитрий Васильевич, Тұтынушылар кооперативтерінің білім беру ұйымдары қауымдастығының жобалық менеджері, Швец Дарья, Ресей кооперация университеті, «COOP CONNECT» ІТ платформасы жобасын таныстырды; Джагинян Сергей, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, «ЦИФРОВОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ АГРЕГАТОР: ЗАДАЧИ И СПОСОБЫ РЕАЛИЗАЦИИ «HOBBY SCANNER» тақырыбында баяндама жасады. Ал Трошкина Анна, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті., «КОНСТИТУЦИОННО-ПРАВОВЫЕ ОСНОВЫ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ СИСТЕМЫ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ» баяндамасын ортаға ұсынды.
Басқа да қызықты хабарламалар көп болды. Әрине, ҚЭУ іскерлік және мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерге жеткен әртүрлі жылдардағы түлектерімен кездесу нұр үстіне нұр болды. Олар: Сатмагамбетов Габит Хакимович, «GPark» құрылыс компаниялары тобының жетекшісі, Омаров Асет Болатович, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары. Семинарларды, тренингтерді, конкурстарды сәтті өткізгеннен кейін студенттер би кешінде демалып, ойын-сауық бағдарламасына қатысты. Сонымен қатар, университетте ұйымдастырылған экскурсияларға барды. Қазір инновациялық жобалар байқауының қорытындысы шығарылып жатыр. Жеңімпаздар туралы ақпарат кейінірек пайда болады.

 

«Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір.» атты Халықаралық студенттік слет «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір.» атты Халықаралық студенттік слет «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір.» атты Халықаралық студенттік слет
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus