Талапкерлер назарына!

Талапкерлер назарына! Қазтұтынуодағы Қарағанды эконосмикалық университеті 2018-2019 оқу жылынан бастап «Мемлкеттік аудит» жаңа білім бағдарламасына қабылдау жүргізеді.


Мемлекеттік аудит аясында білімді, өз білімдерін тәжірибелік қызметінде қолдана алатын заман талабына сай бәсекеқабілетті, білікті мамандар дайындау мақсатында Қарағанды экономикалық университетінде жаңа, еңбек нарығында сұранысқа ие «Мемлекеттік аудит» білім бағдарламасы ашылды.
«Мемлекеттік аудит» білім бағдарламасының «Экономика және бизнес» бакалавры өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда қолдана алады:
- Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті;
- Ішкі мемлекеттік аудиттің уәкілетті органы;
- Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссиялары;
- Орталық мемлекеттік органдардың, облыстың жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі аудит қызметтері.
Келіңіздер, білім алып бәсекеқабілетті, сұранысқа ие маман болыңыздар!

 Талапкерлер назарына!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus