«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»ҚЭУ-дің Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары Минжанов Н.А., Манасова М.М университет студенттерінің қатысуымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты Тәуелсіздік түніне арналған ашық танымдық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер біздің Тәуелсіздігіміздің жолында арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, елім – жерім деп шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атамекен елі үшін жанын пида еткен ата – бабаларымыз туралы өлең жолдарымен және танымдық видеолармен паш етті. Сонымен қатар сабақ барысында Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев және С.Мұхаммеджанов туралы көрініс қойылды. Көрініс бойынша студенттер Желтоқсан оқиғасы ең ауыр және ең әділетсіз оқиға болғандығына көз жеткізді.
Танымдық сабақ барысында студенттер Желтоқсан оқиғасының біздің Тәуелсіздігімізге тікелей қатысы бар екендігін, бұл Желтоқсан оқиғасы бір күндік емес бір жылғы наразылықтың көрінісі екендігін түсінді.
Сабақтың қорытындысын оқытушылар студенттерге алғыс білдіре отырып, ел іргесі тыныш, халқымыздың қуатты болсын деген жалынды тілегін білдірді.

 

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus