«Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен кездесу

«Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен кездесуСҒЗЖ ширауына байланысты 2017 жылғы 8 желтоқсанда сағат 16:00 103 дәріс залында студенттер мен магистранттардың «Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен «Индустриалды-инновациялық қызметтегі мемлекеттік қолдау аспаптары» тақырыбында кездесуі өтті. Кездесу бейресми режімде, еркін пікіралмасу ахуалында жүрді. Кездесу барысында технопарктің бас жоба-менеджері Кәрімов Дастан студенттердің көптеген сауалдарына жауап беріп, өтінім беру, инновациялық жобаны әрі қарай қалай жетектеу керек, қаржыландыруды қайдан алу керектігі жөнінде және т.б. кеңестер берді.
Осы алаңда «Brainstorm» командасының капитаны Ким Константин де сөз сөйлеп, өзінің осындай жобаларға қатысу тәжірибесімен бөлісті және өз жетістіктерінің кейбір құпияларын ашты. «Brainstorm» командасы Fintechstars байқауында жүлделі үшінші орын алып, 100 мың теңге иеленген болатын.

 

«Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен кездесу «Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен кездесу
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus