«Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесі және жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру» тақырыбындағы платиналы дәріс

«Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесі және жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру»  тақырыбындағы платиналы дәріс17 қараша 2017 жылы ҚҚЭУ-де «Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесі және жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру» тақырыбында платиналы дәріс оқылды. Аталған дәріс әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мамандықтарының ПОҚ және студенттеріне оқылды.
Іс – шараға Қарағанды жастар орталығының өкілдері, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсететін «Виктория» оңалту орталығының дінтанушысы Қаршыға Байбекұлы Жанабаев және психологы Владимир Александрович Ромашков, «Индустриальная Караганда» газетінің журналисті қатысты.
Кездесуде дәстүрлі емес ағымдар үшін іске асырылмаған психологиялық қажеттіліктерді пайдалану, зайырлы мемлекеттегі діннің, діни радикализм және экстремизмнің ықпалын болдырмау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жастар саясаты, атап айтсақ, жас қазақстандықтардың рухани және адамгершілік тәрбиесі, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері де көтерілді.
Қатысушылар үшін «Дәстүрлі емес ұйымдардан діни ұйым құру» тренинг-ойыны ұйымдастырылды.
Ойынның мақсаты: ДЕҰ қатысу процестерін ішінен түсіну және олардың манипуляцияларын ашу.

 

«Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесі және жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру»  тақырыбындағы платиналы дәріс «Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесі және жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру»  тақырыбындағы платиналы дәріс

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus