Теміртау қ. өткізілген «Мамандықтың бәрі жақсы» атты дөңгелек үстелге қатысу есебі

Теміртау қ. өткізілген «Мамандықтың бәрі жақсы» атты  дөңгелек үстелге қатысу есебіАғымдағы жылдың 11 қараша күні сағат 11.00-13.00 аралығында Теміртау қаласының №8 қазақ орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысының аясында ұйымдастырылған «Мамандықтың бәрі жақсы» атты дөңгелек үстел жұмысына Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасының оқытушысы Х. Ертай және Экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушылары Курманбекова Г.С., Токмагамбетова А.А. қатысты. Дөңгелек үстелге шақыртылғандар қатарында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университеті, Орталық-Қазақстан Академиясының өкілері болды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары өздерінің болашақ мамандықтары бойынша ақпараттармен бөлісті. Өз кезегінде, ЖОО келген жауапты тұлғалар өздерінің университеттерінің білім беру жүйесі мен мамандықтары бойынша мәліметтер ұсынды.
ҚҚЭУ және Экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушылары тарапынан университет пен колледждің Қзақстандағы және шетелдегі жоғарғы білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы жайлы, университет ұсынған мамандықтар бойынша, студенттердің академиялық мобильділігі мен білім алу мүмкіндіктері жайында, университеттің заманауи материалдық жабдықталуы жағдайы бойынша, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысу мүмкіндіктері туралы құнды мәліметтер берілді. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға ҚҚЭУ туралы мәліметтер ұсынылған таратпа қағаздары ұсынылды.

 

Теміртау қ. өткізілген «Мамандықтың бәрі жақсы» атты  дөңгелек үстелге қатысу есебі Теміртау қ. өткізілген «Мамандықтың бәрі жақсы» атты  дөңгелек үстелге қатысу есебі Теміртау қ. өткізілген «Мамандықтың бәрі жақсы» атты  дөңгелек үстелге қатысу есебі
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus