«Кооперация» желілік университеті шеңберіндегі Халықаралық форум

«Кооперация» желілік университеті шеңберіндегі Халықаралық форум

9 қарашада Белорус тұтыну кооперациясы сауда-экономикалық университетінің бастамасы бойынша және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Полтова экономика және сауда университетінің, Сібір тұтыну кооперациясы университетінің және Тәжік мемлекеттік коммерция университетінің қолдауы жағдайында онлайн форматында «Электрондық бизнес проблемалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және «Тауар айналысы мен еңбек аясының тиімділігі» атты үшінші Писаренков оқулары өтті.
ҚҚЭУ проректоры, э.ғ.д., профессор Г.Е.Накипова конференция қонақтары мен қатысушыларын құттықтап сөз сөйледі. «Электрондық бизнес проблемалары» тақырыбындағы секция отырысының шеңберінде Қашықтықтан оқыту Орталығының директоры, э.ғ.к., Н.М.Тажбаев «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде электрондық коммерция нарығы және ІТ-нарығы мамандарын даярлаудың білім беру ақпараттық ортасының ерекшелігі» деген тақырыпта баяндама жасады.Үшінші Писаренков оқуларына арналған секция жұмысында э.ғ.к., профессор С.Н.Улақов «Қазақстан Республикасында азық-түлік ритейлін дамыту: проблемалары мен болашағы» деген тақырыпта баяндама жасады.
Форум жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Белорус тұтыну кооперациясы сауда-экономикалық университетінің, Сібір тұтыну кооперациясы университетінің және Тәжік мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Аталмыш іс-шараны өткізу ЖООаралық ғылымды интеграциялауға, «Кооперация» желілік университеттерге қатысушы-ЖОО-лармен арадағы жемісті және ұзақмерзімді байланыстар орнатуға, сондай-ақ ғылыми-экономикалық зерттеулер процесін кеңейтуге және одан ары қарайғы нәтижелі жұмыс жасау ынтасын қалыптастыруға қосылған нақты үлес болды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Мы в контакте
Антиплагиат
Темпус
Erasmus