Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді

Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілдіАғымдағы оқу жылының 28 қазан күні университет қабырғасында Экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының жалпы білім беру мектеп, гимназия және лицей оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қаламыздың жалпы білім беру мектептері, гимназия және лицейлерінің 50 оқушы қатысты.
Олимпиада екі тілде өтті: қазақ тілі, орыс тілі.Бірінші кезең (іріктеу кезеңі) бойынша қатысушылар география, биология, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша тесттік сұрақтарға жауап берді. Үздік балл жинаған 6 қатысушы екінші кезеңге өтіп, интеллектуалды викторинада қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз араларында жеңімпаздарды анықтады.
Олимпиаданың 1 және 2 кезең қорытындысы бойынша төмендегі тізімдегі оқушылар жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар университет ректорының шешімімен тағайындалған, 5%, 10%, 15% оқу ақысына жеңілдік қарастырылған сертификаттармен марапатталынды.
Мемлекеттік тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын – Марксова Ж (СОШ №77) , 2 орын – Маркс А. (СОШ №77) , 3 орын – Нарикбай Н. (КСШ №41)
Орыс тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын Раздеваев А. (СОШ №61); 2 орын - Бородин И. (СОШ №52), орын – Умаров Г.(СОШ №77)
Дипломдармен марапатталынғандар: Асанова М.(СОШ №77), Мейржанова А.(СОШ №41), Таскараев Н. (СОШ №61), Жанабай А. (СОШ №17), Ондасынова А.(СОШ №61), Хон В. (СОШ №52).

 

Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді
Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus